Қоғам
Алматыда ер адам өзіне жол бермеген көлік жүргізушісін жұдырықпен ұрып, талдырып кеткен (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 тамыз, 2026
- 251
Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы бойында ер адам өзіне жол бермеген жүргізушіні ұрып құлатты. Жәбірленуші алған соққыдан талып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жәбірленушінің айтуынша, қара түсті «ROX» жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі бұрылып, көлік ағынына қосылмақ болған. Алайда ол жол бермеген. Осыдан кейін ол көлікті қуып жетіп, жұдырығын ала жүгірген.
Видеода «ROX» көлігінің жүргізушісі оған жақындап келіп, бетінен ұрып жібергені көрінеді. Ер адам сол сәтте асфальтқа құлап, есінен танып қалған.
Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне заңда белгіленген тәртіппен тиісті құқықтық баға беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026
Қоғам
Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026




