Басты жаңалықтар
Сотта Шерхан Аймахан тергеу изоляторында және психиатриялық ауруханада өзіне қысым жасалғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 тамыз, 2026
- 221
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта айыпталушы Шерхан Аймахан тергеу изоляторында және психиатриялық ауруханада өзіне қысым жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот отырысында Аймахан тергеу изоляторында және Алматы облысының Ақтас кентіндегі мамандандырылған психиатриялық ауруханада өзіне қысым жасалғанын айтты. Айтуынша, аурухана қызметкерлері оған қоқан-лоққы көрсетіп, есінде жоқ оқиғаны айтуын талап еткен.
“Олар “бұл жерден тек өлі күйіңде шығасың” деп айтты”, – деді сотталушы.
Айта кетсек, айыпталушы аффект жағдайында болғанын алға тартып, қылмысын мойындамайды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Altyn Orda» әлем кубогында қазақстандықтар 4 алтын медаль иеленді
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026
Басты жаңалықтар
Семейде 9-сынып оқушысы сыныптасын 15 жерінен пышақтап тастаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026




