Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте бұрынғы әйелінің үстіне сұйықтық шашып, денесін күйдірген ер адам Алматыда ұсталды

Шымкентте бұрынғы әйелінің үстіне сұйықтық шашып, денесін күйдірген ер адам Алматыда ұсталды
Сурет: видеодан скриншот
Шымкентте 44 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің үстіне қышқыл құйып күйдіріп тастаған. Жаға ұстатарлық оқиға әйелдің жұмыс орнында болыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ажырасқан әйелінің атына несие рәсімдеген тұрғын алимент төлеуден де жалтарып жүрген. Дегенмен айрылысқанына бес жыл өткенде, экс-келіншегін жазаламақ болып, бөтен нөмірден сұлулық салонында істейтін бұрынғы жарына әйел клиент ретінде жазған. Шұғыл кездесуді өтініп, өзі сұлулық салонына канистрге химиялық қышқыл құйып алып барыпты. Әйелмен кездескен кезде қауіпті сұйықтықты төбесінен құйып жіберген. Соның cалдарынан 42 жастағы әйелдің басы, беті, денесі күйіп қалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қаскөй көп ұзамай, Алматыда жасырынған жерінен ұсталды.

«Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шарасында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұсталып, қамауға алынды. Тергеу Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - дейді Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар