Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада электросамокат мінген үш жасөспірім автобус астына түсе жаздады

Астанада электросамокат мінген үш жасөспірім автобус астына түсе жаздады
Сурет: @halyqstan
Астанада электрсамокат мінген үш жасөспірім жол-көлік оқиғасын тудырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 13 тамызда Түркістан көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер автобус жолағымен көлік қозғалысына қарсы бағытта жүрген.

Куәгерлердің айтуынша, олар аялдамаға кіріп келе жатқан автобус пен бордюрдің арасынан өтуге тырысқан.

Екі жасөспірім өтіп үлгергенімен, үшіншісі автобустың астына түскен. Yutong көлігінің алдыңғы әйнегі сынған.

Жасөспірім аман қалды. Полиция мәліметінше, ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіп, оның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар