Түркістан облысында әйел жаңа туған сәбиін әжетхана шұңқырына көміп өлтірген
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 тамыз, 2026
- 525
Сот материалдарына сәйкес, әйел 2025 жылдың сәуірінде жүкті болған. Алайда емханаға есепке тұрмай, медициналық тексеруден өтпеген. Тоғыз айдан кейін ол үйінің ауласындағы дәретханада тірі сәби босанған.
Сот оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Облыстық соттың баспасөз қызметі болған жағдайд түсіндірді.
"Босанғаннан кейін ол жаңа туған нәрестені шұңқырға тастап, оның өмірін сақтап қалу үшін ешқандай шара қолданбаған. Баланың дүниеге келгенін жасыру мақсатында ауладан құм, тас және топырақ алып, шұңқырда жатқан нәрестенің үстін жапқан. Нәресте қайтыс болды", – деп мәлімдеді сот.
Сот әйелді Қылмыстық кодексінің 100-бабының 2-бөлігі "Ананың жаңа туған баласын өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды.
Істің мән-жайын ескере отырып, сот оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




