Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
Пресс-служба Министерства просвещения Казахстана
Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды.

Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды.

Қазақстан құрамасы төрт жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды.

Бұл - Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі. Астана қаласындағы "Spectrum" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

Күміс медаль иегерлері:

Алдияр Сейтбай - Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Мансур Мамадахунов - Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Асқар Әкежан - Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар