Жалға алған футбол клубы ойыншыны әлеуметтік парақшасында таныстырды.
"Челси" футболы клубы Дастан Сәтпаевты маусым соңына дейін ағылшынның басқа клубына жалға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дастан Сәтпаев 2026-2027 мауысымын "Бернли" сапында өткізеді.
"Бұл бастамасы ғана. Бұл - мені нығайта түсетін жаңа тәжірибе. Ең жақсысы әлі алда!" - деп жазды футболшы әлеуметтік желіде.
Сәтпаевты жалға алған футбол клубы да жаңа ойыншыны әлеуметтік парақшасында таныстырып үлгерді.
Айта кетері, "Бернли" клубы Англияның футбол лигалары жүйесінде екінші дивизионда өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Елена Рыбакина әйелдер арасында 2026 жылы ең көп табыс тапқан
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




