Қоғам
"Бірінші сыныпқа баратын бала ақылы дайындық курстарынан өтуге міндетті ме?": Оқу-ағарту вице-министрі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 тамыз, 2026
- 257
ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова елдегі мектептерге балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шынар Ақпарова ережеге сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау баланың дамуы мен дайындығына қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтті.
"Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар немесе тестілеу өткізуге жол берілмейді. Сондықтан ақылы дайындық курстарына бару – тек ата-ананың өз таңдауы және ол мектепке қабылдаудың міндетті шарты болып табылмайды", - деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Шынар Ақпарова 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілі енгізілетінін айтқан болатын.
Келесі мақала
"Салқын түседі": 18 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ұлдана Мырзуанның қазасы: сот істі прокурорға қайта жолдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қазан, 2026




