Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кейбір қазақстандық студенттерге жатақхана үшін 100 мың теңге беріледі

Кейбір қазақстандық студенттерге жатақхана үшін 100 мың теңге беріледі
Сурет: depositphotos.com
Қазақстандық кейбір студенттер жатақханада тұру шығынынының өтемі үшін жылына 100 050 теңгеге дейін ала алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өтемақы студенттердің бірнеше санатына қарастырылған. Оған үміткер бола алатындар:

  • жетім балалар;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар студенттер;
  • бала кезінен мүгедектігі бар студенттер.

Өтемақы мөлшері 29 АЕК-ке дейін немесе жылына 100 050 теңге болады.

Жарияланымға сәйкес, қолдау тек бірінші курс студенттерімен шектелмейді. Аталған санаттағы студенттер өтемақыны екінші және үшінші курстарда да ала алады.

Осылайша, студенттердің жатақханада тұру шығынын ішінара өтеуге қаржылай көмек бірнеше жыл бойы беріледі. Бұл шара әлеуметтік осал топтарға жататын студенттерді қолдауға бағытталған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар