Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында екі баланың анасы өзіне қол жұмсады: марқұмның туыстары күйеуінің оны ұрып-соққанын айтады

Алматы облысында екі баланың анасы өзіне қол жұмсады: марқұмның туыстары күйеуінің оны ұрып-соққанын айтады
Сурет: instagram.com/nemolchikz_official
Алматы облысында екі баланың анасы өзіне қол салғаны туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “НемолчиKZ” қорында жарияланды. Қорға марқұм әйелдің туыстары көмек сұрап жүгінген. 

“23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған – әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша жүргізіліп жатыр”, – делінген желідегі жазбада. 

Марқұм әйелдің артында екі жасар егіз балалары қалған. 

“26 шілде күні күні сіңлім өзіне қол жұмсады. 23 шілде күні күйеуі екеуінің арасында жанжал шығып, күйеуі оны ұрып-соғып, қолын сындырған. Ұялып әрі ата-анамызды аяп, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Өзіне қол салардан 1 сағат бұрын сіңлім маған осының бәрін айтып берді, егіз балаларын басқа бауырымызға қалдырып, артынша өзіне қол жұмсады”, – делінген марқұмның туысының хатында. 

Марқұмның туыстары жан-жақты тергеуді талап етуде. 

Алматы облыстық полиция департаменті әзірге жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар