Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қыздардың шүберегімен алысып жүрген «ағалар» қайдасыңдар?": Айгүл Орынбек барни үшін ажал құшқан келіншектің өліміне уағыз айтып жүргендерді кінәлады

"Қыздардың шүберегімен алысып жүрген «ағалар» қайдасыңдар?": Айгүл Орынбек барни үшін ажал құшқан келіншектің өліміне уағыз айтып жүргендерді кінәлады
Сурет: ozgeris.info
Заңгер Айгүл Орынбек Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы әйелдің қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін көтерді.

«Мен он бес жылдан бері күресіп келе жатқан теріс ағымдардың нәтижесін ұлтымыз енді көріп жатыр! Көздерің жетті ме?! Қайдасыңдар, тек қыздардың шүберегімен, тек қатындармен алысып жүрген «ағалар»? Кекіріп отырып, делебелерің қозып, уағыз айтып, тек қыздарды ғана жазалайтын әңгіме айтатын едіңдер ғой. Міне, сол уағыздарыңның нәтижесін көріңдер! «Сақалды, келте балақтылардан не зиян көріп жатырсың?» — дейтін едіңдер. Міне, ұлтқа тигізіп жатқан зардабы! Тәрбиелеген жігіттеріңнің әлдері тек қатындарға ғана жететінін дәлелдеп жатыр! Ал оларды тек қатындармен алыстырып қойған — мына сендер! Өліп жатқан әйелдердің бәріне сендер кінәлісіңдер! Қыз кезінде жайнап жүрген гүлдерді біртіндеп өлтіріп жатыр. Міне, сәләфиттер мен уахабиттердің еңбегі осы!», — деп жазды заңгер.

Айгүл Орынбек Ұлттық қауіпсіздік комитетіне үндеу жасады.

«Мен осындай миы уланған теріс ағымдылармен күресіп жүргенде: «Сен діннің дұшпанысың!» — деп мені аямайтын едіңдер. Енді не дейсіңдер? Қаншама өлген қыздың құқығын қорғап жүрген заңгер ретінде айтайын: бұл — бер жағы ғана! Бұл өмірде әйелді нәпсілеріңді қандыратын жай ғана жануарға теңеп, әйелді адам емес, зат ретінде көрсететін едіңдер! Тозақта әйелдер көп, Жұмақта бізді «қор қыздар» күтіп алады деп бөсетіндерге әйел адам жай ғана мал сияқты. Ұнамады ма — қорлайды, ұрсады, жазалайды. Тіпті бауыздап тастауға дейін барады. Бір еркектің ашуы әйелдің өмірінен бағалы болып кеткен елде өмір сүру қандай қорқынышты! Ұлттық қауіпсіздік комитеті - оянамыз! Мен әйел адамның өмірі қорғалатын қауіпсіз елде өмір сүргім келеді!», — деді ол. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар