Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлдана Мырзуанның өлімі: адвокат судьяға қарсылық білдірді

Ұлдана Мырзуанның өлімі: адвокат судьяға қарсылық білдірді
Сурет: azattyq-ruhy.kz
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотталушының қорғаушысы судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Отырыс басында сотталушының адвокаты Асхат Әлімов өз міндетіне жаңадан кіріскен қорғаушы ретінде қылмыстық іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелер базасын талдауға және қорғау позициясын айқындауға уақыты болмағанын мәлімдеді. Осыған байланысты қорғаушы процесті кейінірек уақытқа ауыстыруды сұрады.

Оның өтініші қанағаттандырылмады. Төрағалық етуші судья Меруерт Абаева адвокаттың іс материалдарымен сот отырыстары арасындағы уақытта таныса алатынын ескертті.

Бұған жауап ретінде адвокат судьяның іс-әрекетіне наразылық білдіріп, оны хаттамаға енгізуді талап етті.

"Мен бұл уәждермен келіспеймін. Бүгінгі таңда менің қорғауымдағы азаматтың құқықтары шектеліп отыр. Егер ол қылмыстық қудалау орбитасына оқиға болған сәттен бастап, яғни қараша-желтоқсан айларынан бері тартылған болса, түсінер едім. Күдіктіге іс-әрекеттің саралануы тек 20 шілдеде ғана таныстырылды. Бүгінгі таңда бұл оның құқығы – мейлі екі, мейлі он адвокат жалдасын. Құрметті сот, заңда бұған ешқандай тыйым салынбаған. Мен соттан қандай да бір ерекше басымдық сұрап отырған жоқпын, мен Қылмыстық-процестік кодекстің 336-бабы 3-бөлігінің тікелей талабын жүзеге асыруға келдім", - деді Әлімов.

Осыдан кейін адвокат судьяға қарсылық (отвод) білдірді.

"Бүгінгі таңда сотталушының, сондай-ақ екінші қорғаушының құқықтары бұзылуына байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 87, 88, 89-баптары тәртібімен қорғау тарапы төрағалық етуші судья Абаеваға қарсылық білдіреді. Осыған байланысты, құрметті сот, қарсылық бүгін сот кабинеті арқылы жіберіледі, аталған қарсылықты қарауыңызды сұраймын", - деп толықтырды ол.

Судья Абаева сот отырысында үзіліс жариялады. Оған білдірілген қарсылықты Астана қаласының ауданаралық қылмыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Самат Сембаев қарайтын болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар