Қоғам
Үйін Domestos-пен тазаламақ болған алматылық ару өлім аузынан қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 тамыз, 2026
- 212
Алматылық қыз Domestos-пен үй тазалаймын деп уланып қалған. Ол душ кабинасын арнайы гельмен жуған кезде есінен танып түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
25 жастағы Кристинаның гельді ашқан соң 7-10 минуттан кейін көзі ашып, дем жетпей, басы айнала бастаған. Артынша жүрек соғысы жиілеп, қолдары суып кеткен. Сөйтіп есінен танып қалғанда көрші алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Фельдшерлер келгеннен кейін Кристина ауруханаға жатудан бас тартқан. Алайда содан кейін оның жағдайы қайтадан нашарлайй түскен. Ол ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер улану диагнозын қойды.
Domestos құрамындағы негізгі белсенді ингредиент – натрий гипохлориді. Шамадан тыс қолданылса, ол көз бен тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, зақымдауы мүмкін. Бұл құрысулар мен өкпе ісінуіне әкеледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" бизнес-саммитінде сөз сөйледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




