Мәдениет
Тоқаев Марфуға Айтқожинаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 тамыз, 2026
- 400
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатта ақын ғибратты ғұмырын ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын атап өткен.
"Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді "Қазақтың жыр Аққуы" деп ардақтайды. Алдағы уақытта да өнегелі өміріңізбен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін", – делінген құттықтауда.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
АҚШ елшісі Нұрлан имамның үйінде қонақ болып, шашу шашты
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2026
Мәдениет
Димаш Құдайберген мексикалық жанкүйерлеріне ерекше алғыс айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қараша, 2026




