Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанай облысында мотоцикл жүргізушісі КамАз астына түсіп, көз жұмды

Қостанай облысында мотоцикл жүргізушісі КамАз астына түсіп, көз жұмды
Сурет: Қостанай облысы ПД
Қостанай облысында КамАЗ бен мотоцикл соқтығысып, мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Апат Қостанай облысындағы КАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде оның қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген. Соның салдарынан мотоцикл жүргізушісімен соқтығысқан.

Алған жарақаттары салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша тергеу басталды. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар