Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық туысының қалжыңына бола қамауға алынып, көлік жүргізуші куәлігінен айырылып қалды

Қазақстандық туысының қалжыңына бола қамауға алынып, көлік жүргізуші куәлігінен айырылып қалды
Сурет: avtoradio.kz
Жамбыл облысында мемлекеттік нөмірдегі әріпті өзгерткені үшін жүргізуші үш тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ер адам "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолында Volvo жүк көлігімен келе жатқанда, оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Тексеру барысында олар мемлекеттік нөмірдегі әріптің бір бөлігін жауып тұрған кішкене қағазды анықтады.

Нәтижесінде нөмірдегі "Е" әрпі сырт көзге "F" болып өзгерген. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ер адам кінәсін жоққа шығарған жоқ, бірақ мемлекеттік нөмірдегі қағазды байқамай қалғанын, оны қайын інісі қалжыңдап жабыстырып қойғанын айтты.

Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған үш тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар