БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлінің мәйітін жақындары алып келе алмай отыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:05
- 14
Шарджада жұмыс істеп, жақында елге орлауды жоспарлап жүрген қыздардың соңғы хабарламасында өздерінде бәрі жақсы екені айтылған. Сәл тұмауратып, ауырып қалғанын айтқан Жұлдыз кейін хабарласамын деп уәде берген. Алайда сол күйі байланысқа шықпады.
“Дүйсенбіде жаздым, оқиды бірақ жауап жоқ. Бізге мәйіттерді беретін түрі жоқ. Олар "бұл мәселе бір апта бойы қаралады" деді. Көмек сұраймыз, бәрін жылдамдатса екен. Оларды жерлеу керек қой. Сонша күннен бері жатыр... Мен оларды осында қайтарып, адамша жерлегім келеді”, – дейді қыздардың әкесі Мейрам Боханов.
Марқұмдардың әпкесі Ақжан мен Жұлдызда туристік виза емес екенін айтты.
“Алдымен бір аптаға барған туристерді эвакуациялады. Ал олар желтоқсаннан бері сонда болған, құжаттарын реттеуі керек еді. Дереу шығып кете алмады. Бірақ үйге қайтқылары келді. Мен "ақша керек пе, бәрі дұрыс па" деп сұрадым. Бәрі дұрыс еді. Енді не себеп болуы мүмкін екенін де білмей отырмыз”, – дейді әпкесі Меңсұлу Боханова.
Марқұмдардың денелері табылған пәтерде не болғаны және қыздардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғынан отбасы әлі бейхабар. Оқиғаның нақты мән-жайын тіпті Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де білмейді.
"Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті билік органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда және тергеу мүддесіне байланысты ақпаратты жария етпейді”, – деп мәлімдеді министрлік.
Жұлдыз бен Ақжанның отбасы қыздардың біреудің қасақана өлтіргеніне сенімді. Расталмаған ақпарат бойынша, күдікті ұсталған. Қыздардың әкесі 26 тамыз күні Астанадан БАӘ-не ұшып шығу керек еді. Онда ол туыстық қатынасты дәлелдеу үшін ДНҚ-тест тапсыруы тиіс. Осы процедурадан кейін ғана ол қыздарының денесін елге қайтара алады.




