Қоғам
Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық әйел із-түссіз жоғалып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 тамыз, 2026
- 217
Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін қазақстандық әйел жоғалып кетті. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінің алдын ала мәліметінше, қазақстандық әйел туристік топ құрамында Непалдан Қытай аумағына өткен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара асқан. Қазіргі уақытта отандасымыздың қайда екені белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастырып жатыр", - делінген ресми түсініктемеде.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2026




