Қазақстанға Энрике Иглесиас келеді: Астана әкімдігі үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:19
- 21
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 3 қыркүйек сағат 20:00-де Астанада Энрике Иглесиастың концерті өтетінін еске салды.
Көрерменге қолайлы жағдай жасау үшін арнайы шаттл-бағыттар ұйымдастырылады.
Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, қаладағы төрт орыннан жолаушыларды "Астана Арена" стадионына жеткізеді. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер осы бағыттар арқылы кері қайтарылады.
Арнайы көліктер мына бағыттар бойынша қатынайды:
- Елорда циркінің жанындағы автотұрақтан;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің жанындағы автотұрақтан;
- Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешенінің жанындағы автотұрақтан;
- "Нұр-Сұлтан" мешітінің (Бас мешіт) жанындағы автотұрақтан.
Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін де, аяқталғаннан кейін де екі бағытта қатынайды. Қосымша шаттл-бағыттардың қатынауы жолдардағы көлік кептелісін азайтып, елорда тұрғындары мен қонақтарының концерт өтетін жерге жайлы әрі қауіпсіз жетуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар көрермендер концерт өтетін орынға жылдам әрі ыңғайлы жету үшін "Тарлан Астана" жеңіл рельсті көлік қызметін пайдалана алады.




