"Қорқытудың не қажеті бар?": жалғызбасты анаға баспана сыйлаған "Харекет" қоры көпшіліктің ашуын туғызды
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026
- 244
Желі қолданушылары жалғызбасты ананы “балаларыңды тартып аламыз” деп қорқытып, әзілдесудің орынсыз екенін жазуда.
Әйелдің үйіне келген Ақмарал Басирова өзін “балалардың құқығын қорғау комитеті қызметкерімін” деп таныстырады. Үйдегі жағдайды сұрағаннан кейін оларды алып кететінін айтады. Осы кезде аналары мен балалары жылаған. Артынша Басирова қалтасынан кілт шығарып, пәтер сыйлайтынын көрсетеді.
Желі қолданушысы Шалқар Қуанышбаев балаларды қорқытуға болмайтынын жазған.
“Айналайындар-ау, көмек берсеңдер, пранк жасамай-ақ беріңдерші. Онсыз да өмірден қажып, жүйкесі жұқарып кеткен адамдар ғой. Үй сыйлап қуантудың алдында оларды жылатып, балаларынан айырамыз деп қорқытудың не қажеті бар?”, – деді ол.
Бұл пікірге басқа желі қолданушылары да қосылып, контент пранк жасамай-ақ жасауға болатынын жазуда.
2027 жылы кейбір жәрдемақы мөлшері өсуі мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" бизнес-саммитінде сөз сөйледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




