Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті
VI ДКО - 2026 телеграм каналы
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жамбы атудың қырғыз стилінен сынға түскен Абзал Тұлыбеков барлық қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін Нұрталап Керім (60 келі) және Сайлау Мұхаммеджан (70 келі) аударыспақтан финалдық жекпе-жекте жергілікті спортшыларды жеңіп, алтыннан алқа таққан болатын.

Ал Нұрсұлтан Есімбай (90 келі) таяқ тартудан (маст-рестлинг) қола жүлдені қанағат тұтты. Тағы бір қоланы алыштан Нұрсұлтан Қожагелдіұлы жеңіп алды.

Айта кетері, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар