Дастан Сатпаев “Бернли“ - “Мидлсбро“ матчінің үздік ойыншысы атанды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 08:58
- 1
"Бернли" Чемпионшиптің 4-ші туры аясындағы матчті Қазақстан уақытымен 3 қыркүйекке қараған түні өткізді.
"Бернли" алғашқы нағыз қауіпті сәтті 14-минутта жасады. Сәтпаев айып алаңының сыртынан жойқын соққы бағыттады, ал қарсылас қақпашысына доптың бетін қайтаруға тура келді, делінген "Бернли" сайтында жарияланған хабарламада.
Екінші таймда "Бернли" алға шығуға жақын болды. Сәтпаев пас алып, Алфи Джонстың қысымына қарамастан қақпашымен жеке дара шықты. Алайда "Мидлсбро" қақпашысы Радек Витек секіріп барып, вингердің соққысын қайтара алды.
Сәтпаев 82-минутта алмастырылды.
Алаң иелерінің жеңісті жұлып алуға тырысқан барлық күш-жігеріне қарамастан, "Мидлсбро" қорғанысы төтеп беріп, "Бернлиге" екінші мәрте гол соғуға мүмкіндік бермеді.
Голдар: Эйдан Моррис ("Мидлсбро") – 23-минут, Уго Рагубер ("Бернли") – 54-минут.
18 жастағы қазақстандық үшін бұл кездесу "Бернли" сапындағы төртінші, ал негізгі құрамда шыққан үшінші ойыны болды.
Бұған дейін Сәтпаев "Вест Бромвич" (1:3), "Брэдфорд Сити" (0:0, пенальти бойынша 2:4) және "Норвич Сити" (1:4) командаларына қарсы матчтарға қатысқан болатын.


