Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Энрике Иглесиас Алматыдағы жеке концертінен кейін желіде жазба қалдырды

Энрике Иглесиас Алматыдағы жеке концертінен кейін желіде жазба қалдырды
Сурет: kz.kursiv.media
Әлемге әйгілі әнші, продюсер әрі актер Энрике Иглесиас 5 қыркүйекте Алматыда өткен концертінен кейін желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Энрике Иглесиас Instagram-дағы парақшасында Алматыдағы Орталық стадионда өткен концертінен видеолар бөлісіп, қазақстандықтарға алғысын білдірді.

"Қазақстан! Мен сені жақсы көремін! Рақмет, Алматы!" - деді ол жазбада.

Сондай-ақ, әнші жанкүйерімен түскен видеоны жүктеді. Ол тыңдарманымен қол алысып, қолтаңба берген.

"Қазақстан, мені осылай жылы қабылдап, керемет әсер ұалдырғаның үшін рақмет!" - делінген видео сипаттамасында.

Желі қолданушылары да жазбаға пікір қалдырып, жылы лебізін білдірді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар