АҚШ-тың көші-қон қызметі Флорида штатында қазақстандық әйел заңнаманы бұзғаны үшін ұсталды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде АҚШ-тың Флорида штатында үш баланың анасы, қазақстандықтың әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
15 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тексеру нәтижесін хабарлады.
"АҚШ-тың көші-қон қызметі Қазақстан азаматын Флорида штатының аумағында заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты ұстаған.
Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен де, ұсталған азаматтың отбасымен де байланыста, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр", - деп мәлімдеді СІМ.



