Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар енді Түркия және тағы үш елге төлқұжатсыз саяхаттай алуы мүмкін

Қазақстандықтар енді Түркия және тағы үш елге төлқұжатсыз саяхаттай алуы мүмкін
Сурет: sportishka.com
Қазақстандықтар үшін енді бес елге саяхаттау жеңіл болмақ. Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан - азаматтары болашақта мемлекеттер арасында шетелдік төлқұжатсыз, жеке куәлікпен жүре алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мұндай мүмкіндік Әзербайжан мен Түркия арасында қазірдің өзінде қолданыста, енді оны Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) басқа елдеріне де тарату мәселесі талқыланып жатыр.

Бұл туралы  ТМҰ Бас хатшысы Құбанычбек Өміралиев мәлімдеді.

"Біз бұл мүмкіндікті басқа түркі мемлекеттерімен де іске асыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Әңгіме Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан туралы болып отыр. Біз мұны тек бір елмен ғана емес, бірлесе жүзеге асыра аламыз", - деді ТМҰ Бас хатшысы.

ТМҰ Бас хатшысы оның іске қосылуының нақты мерзімін атаған жоқ.

"Бұл мәселе біздің күн тәртібімізде тұр. Сөз бес ел туралы: Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан. Жобаны барынша қысқа мерзімде аяқтау үшін дайындық жұмыстары жалғасады", - деп атап өтті Құбанычбек Өміралиев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар