Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда қазан айынан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа шектеу енгізілуі мүмкін

Қазақстанда қазан айынан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа шектеу енгізілуі мүмкін
Сурет: Shutterstock.com
Үкіметте өткен брифингте Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасы Бинұр Жәленов Қазақстандағы банк аралық мобильді төлем жүйесіндегі бір операцияның лимитін екі есеге - 500 мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Жаңа ережелер қазан айында күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жәленовтің айтуынша, сөз 19 шілдеде іске қосылған және "бірыңғай QR" деп аталатын банк аралық мобильді төлем жүйесі туралы болып отыр. Ол тек QR-код арқылы төлем жасап қоймай, әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі бойынша аударымдар жасауға мүмкіндік береді.

"Өзгерістер жобасы жария талқылауға шығарылды. Бір транзакция лимитін 500 мыңнан миллион теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Егер құжат қабылданса, жаңа ережелер қазан айына қарай іске қосылуы мүмкін", - деді Жәленов.

Бұл ретте ұсынылып отырған бір миллион теңге лимиті дәл бір транзакцияға қатысты. Сондай-ақ банктер ішкі тәуекелдерді басқару жүйесіне байланысты аударымдарға өз шектеулерін қалдыра алады. Бұдан бөлек, пайдаланушылардың өздері де мобильді банк қосымшасында лимиттер орната алады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар