Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Туған ауылына тағзым: чемпиондар тәрбиелеп жүрген полицей

Туған ауылына тағзым: чемпиондар тәрбиелеп жүрген полицей
Азамат Кәштенбай құқық қорғау қызметімен қатар, туған ауылы – Қызылбалық ауылдық округіндегі жасөспірімдерді спортқа баулып келеді.

Атырау облысы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі, полиция капитаны Азамат Кәштенбай құқық қорғау қызметімен қатар, туған ауылы – Қызылбалық ауылдық округіндегі жасөспірімдерді спортқа баулып келеді.

Азамат Кәштенбай інісі Мереймен бірге 2014 жылы ауылда «Кәштенбай» спорт клубын ашқан. Бүгінде клубта 70-ке жуық бала тұрақты жаттығады.

Клуб шәкірттері облыстық және республикалық жарыстарда, сондай-ақ Азия және Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып жүр.

Азамат үшін спорт – тек жеңіс емес, баланы тәртіпке, жауапкершілікке, төзімділікке және еңбекқорлыққа тәрбиелейтін мектеп. Ол шәкірттеріне спорттық шеберлікпен қатар, адамгершілік пен елге адал қызмет етудің маңызын үйретеді.

Туған ауылына жанашырлық танытып, чемпиондар тәрбиелеп жүрген полицейдің еңбегі – туған жерге қызмет етудің жарқын үлгісі.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар