Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте блефаропластика жасатқан әйел бір көзінен айырылды

Шымкентте блефаропластика жасатқан әйел бір көзінен айырылды
Сурет: eyes.kz
Операция жасаған хирургтің тиісті дипломы және лицензиясы болмаған.

Шымкентте блефаропластика жасатқан әйел бір көзінен айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, операция жасаған хирургтің тиісті дипломы және лицензиясы болмаған.

«Сот оны Қылмыстық кодекстің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға соттады. Сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - деп хабарлайды прокуратура.

Өкінішке қарай, қабағына қатпар салғысы келген әйелдің бір көзі мүлде көрмей қалған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар