Қазақстанда 2027 жылдан бастап 11 жастағы ұлдарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салынады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:08
- 37
Бұл туралы Қазақстан қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.
"2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі 2027 жылы денсаулық сақтау саласына 2,5 триллион теңге бөлінетінін айтты.
Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (АМСК) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне өтуіне байланысты денсаулық сақтау саласында 453 миллиард теңге қайта бөлінді.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) мемлекет жарналарын есептеу кезінде қолданылатын медианалық жалақының өсуіне байланысты қосымша 185 миллиард теңге қарастырылды", — деді ол.
Қаржыландыру профилактикалық шараларды да қамтиды. Мәселен, 2027 жылдан бастап 11 жастағы ұл балаларға адам папилломавирусына (АВП) қарсы вакцина салу басталады.



