Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйелдер мен ерлердің декретке шығуына қатысты маңызды өзгеріс қарастырылып жатыр

Әйелдер мен ерлердің декретке шығуына қатысты маңызды өзгеріс қарастырылып жатыр
Сурет: Freepik https://www.inform.kz/ru/skolko-muzhchin-vkazahstane-berut-otpusk-pouhodu-zarebenkom-f41b53
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмекті шын мұқтаж азаматтарға беру үшін мемлекеттік қолдау жүйесін өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министр Асқарбек Ертаевтың айтуынша, реформаны жүзеге асыру екі кезеңнен: бірінші, 36 әлеуметтік төлемнің 14 түрін атаулы түрде беру тәртібін реттейтін нормативтік база әзірленеді. Мұндағы негізді қағидат: көмекті шын мұқтаж адамдар алуы керек.  

Екінші кезеңде әкімдіктер көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрі мұқтаждық деңгейіне қарай төрт санатқа бөлінеді. Келесі жылдан бастап ардагерлерге берілетін мемлекеттік көмекті олардың мұқтаждық деңгейіне қарай көрсету ұсынылды.

Сондай-ақ бала күтімімен үйде отырған аналарға екі жыл ішінде көрсетілетін қолдау форматын жетілдіру мәселесі қаралды. Оның ішінде ер адамдарға берілетін декреттік демалыс, бөбекжайлардағы орын санын көбейту, сәбилерге күтуші жетіспеушілігін шешу ұсыныстары бар.

Сонымен бірге мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету кезінде жасанды интеллект қолданудың нәтижелері таныстырылды. Жүйе медициналық құжаттарды қолдан жасау арқылы мүгедектік белгіленген 167 жағдайды анықтаған. Бұл фактілер құқық қорғау органдарына жолданды. Бұдан бөлек, әртүрлі адамдарға қатысты деректерде бірдей мәліметтер кездесетін 18 647 жағдай анықталған.

Реформалар «Отбасының цифрлық картасы» деректеріне сүйене отырып жүзеге асырылмақ. Осы бағытта әкімдіктер азаматтарға ақпараттық жүйе арқылы сауалнама жүргізіп жатыр.

1 қазаннан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарттарындағы өзгерістер туралы азаматтарға SMS, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы кезең-кезеңімен ақпарат беріледі. Ұсыныстар бойынша тиісті заңнамалық түзетулер әзірленіп, Құрылтайдың қарауына енгізіледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар