Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Оқы деді, оқығым келмеді": Алматы облысында бір жарым ай іздеуде болған қыздың ата-анасына айыппұл салынды

"Оқы деді, оқығым келмеді": Алматы облысында бір жарым ай іздеуде болған қыздың ата-анасына айыппұл салынды
Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысында бір жарым ай іздеуде болып, өзге қаладан табылған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Яғни оларға айыппұл салынды. Бүгін арнайы комиссия 17 жастағы қыздың үйінен не себепті қашқанын да анықтауға тырысты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Жалғыз өзім тұрып көргім келді. «Оқы» деді, менің онша оқығым келмеді. Өзімнен де қателік болды. Хабарласқым келіп жүрдім, сағынып, кішкене ішімнен қиналып. Эфирді көргеннен кейін түрткі болды. Сонымен хабарластым. Қазір жағдайым жақсы, ата-анаммен тұрғым келеді»,- дейді жасөспірім.

Жасөспірім бір жарым ай бұрын ата-анасы шырт ұйқыда жатқанда үйінен шығып кеткен. Кейін ол Қарағандыдағы жекеменшік балабақшада жұмыс істеп жүрген жерінен табылған. Қазір Ясминамен психологтар жұмыс істеп жатыр. Шенеуніктер оның «тігінші болсам» деген арманын орындау үшін қажет құрылғыларды алып береміз деп уәде етті. Жоғары білім алуына да жағдай жасамақ. Ал арнайы комиссия ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Отбасы бақылауға алынған.

«Қыздың дені сау, отбасына аман оралды. Заңды өкілдермен және құқық қорғау органдарымен арнайы профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған дейдін де жүргізілді. Енді алдағы уақытта анасының, заңды өкілдерінің рұқсатымен баламен психологиялық тұрғыда жұмыс жүргізілетін болады. Сонымен қатар баламен сөйлескенде оның ешқандай қысым немесе ерігінен тыс іс-әрекет жасалмағанын өзі баяндап отыр», - деді Алматы облысы бала құқығын қорғау басқармасы құқықтық сүйемелдеу және әдісте қамту бөлімінің бас маманы Мадияр Шарапов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар