"Стресстен құтқарады": журналист кітап оқудың пайдасы туралы жазды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:03
- 44
Кітап адамның сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін жетілдіреді. Сондай-ақ, басқа адамдарды түсінуге және зейін мен шыдамдылықты жаттықтырады. Сонымен қатар ол кітап оқымау да зиян емес екенін жазады.
"Ал керісінше мүлде кітап оқымау міндетті түрде зиян деу дұрыс емес, әрине. Адам кітап оқымай да көп нәрсе үйрене алады.
Дегенмен, егер адам жалпы ұзақ мәтіндерді, терең ақпаратты және жүйелі білімді тұтынудан қашса, белгілі бір тәуекелдер пайда болуы мүмкін. Мысалы:
1. Сөздік қоры мен жазбаша тілінің дамуы баяуырақ болуы;
2. Күрделі мәтінді ұзақ уақыт оқуға және назар аударуға қиналуы;
3. Белгілі бір тақырып бойынша шектеулі білім;
4. Бір ғана дереккөздің пікіріне тәуелді болуы;
5. Күрделі идеяларды ұзақ әрі жүйелі талдауға қабілетсіздік.
Бірақ бұл қасиеттердің барлығы кітап оқитындарда міндетті түрде болады, оқымайтындарда болмайды деген сөз емес", - деп жазады.
Бұдан бөлек журналист кітап оқитындар мен оқымайтындардың айырмашылығын салыстырмалы түрде айтқан.
"Ал кітап оқитындар мен оқымайтындардың ең маңызды айырмашылығы мынада. Кітаптың өзі емес, адамның қандай ақпаратты және қалай тұтынатыны маңызды. Мысалы, күніне бірнеше сағат сапасыз контент көріп, ештеңені терең зерттемейтін адам кітапты қолына алғанымен көп пайда таппауы мүмкін. Ал кітапты аз оқыса да, ғылыми мақалалар, дәрістер, сапалы курстар арқылы үнемі білімін толықтыратын адам интеллектуалдық тұрғыдан жақсы дамуы мүмкін.
Сондықтан кітап оқудың ең үлкен артықшылығы — адамға дайын ақпарат беруде ғана емес, ұзақ уақыт бойы ойлануға, елестетуге, салыстыруға және бір мәселені терең түсінуге мүмкіндік беруінде. Ал кітап оқымаудың ықтимал зияны — кітаптың өзін оқымау емес, терең әрі сапалы ақпаратпен жұмыс істеу әдетінің қалыптаспауында.
Соңында айтарым, қандай кітап оқығыңыз келсе де, талғаммен оқуды үйреніңіз. Себебі талғаммен оқыған кітап сізге әуелі пайда әкелсе, екінші стрестен құтқарады", - деп жазбасын аяқтайды журналист.


