Денсаулық
Жамбыл облысында дәрігерлер екі жарым жасар баланың асқазанынан 12 сантиметрлік «қоқыс» алып шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:40
- 25
Екі жарым жасар баланың асқазанынан бірнеше уыс шаш шықты.
Жамбыл облысында дәрігерлер 2,5 жасар баланың ішінен 12 сантиметрлік «қоқыс» алып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дәргерлер көбіне асқазанға қорытылмайтын бөтен зат түскен кезде ол ұйысып қалатынын айтады. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, түйіндінің көлемі 10-12 сантиметрге жеткен.
«Тексеру барысында баланың асқазанынан безоар анықталған. Бұл — асқазанда қорытылуы қиын немесе қорытылмайтын заттардың жиналуынан түзілетін тығыз дүние. Балалар өсімдік талшығын, дән, қабық, шаш пен жіп сияқты бөгде зат жеп қойғанда, асқазанында безоар пайда болады», - деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.




