"Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндерге жазаны қатаңдату керек": Олжас Бектенов жаяу жүргіншілерге қатысты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:30
- 35
Премьер-министрдің айтуынша, жол-көлік оқиғасына көп жағдайда жолаушылар кінәлі болып жатады.
"Жаяу жүргіншілерге қатысты оқиғаларға жеке тоқталғым келеді. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болып жатады. Сондықтан жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін адамдарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату қажет. Сондай-ақ реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүргізушілер кінәлі болатын деректер де аз емес.
Әкімдіктерге осындай учаскелерде бейнетіркеу жүйелерін орнату ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Әсіресе білім беру ұйымдарының маңында кері санау таблосы бар заманауи бағдаршамдар орнатуды қамтамасыз ету қажет. Ішкі істер министрлігі көшелердің қауіпсіз дизайны элементтерін енгізу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеуі тиіс", - деді Олжас Бектенов.




