"iPhone 18-ге тапсырыс бердіңіз": Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:50
- 24
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар пайдаланушылардың жаңа смартфон моделіне деген қызығушылығын пайдаланып, оларға алдын ала тапсырыс беру туралы жалған хабарламалар мен ұсыныстар жіберіп жатыр.
Хабарламада тапсырыстан бас тарту үшін көрсетілген "қолдау қызметінің" нөміріне қоңырау шалу ұсынылады. Алайда телефонның ар жағында алаяқтар отырады. Олар азаматтардан банк және жеке деректерін алуға немесе белгілі бір әрекеттерді орындауға көндіруге тырысады.
"Шын мәнінде көрсетілген нөмір алаяқтарға апарады, олар сатып алудан бас тартуды сылтау етіп, құпия мәліметтерді алдап алуға және адамды өз нұсқауларын орындауға көндіруге тырысады", - деп хабарлады ведомство.
Алаяқтықтың тағы бір түрінде iPhone 18-ді тиімді бағамен брондауға және жылдам жеткізуге уәде береді. Жарнамадағы сілтеме қолданушыны жалған сайтқа бағыттайды. Онда банк картасының нөмірі, CVV-код, құпиясөз және басқа да деректер сұралады.



