Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған үш әскери қызметші ауруханада жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған үш әскери қызметші ауруханада жатыр
Сурет: kaliningrad.bezformata.com
Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің қайда екені белгілі болды. Олардың барлығы қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Lada.kz. сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға болған күні, яғни 24 қыркүйекте медициналық мекемеге бір әскери қызметші – Ақжол Темерхан жеткізілген.

Тағы екі әскери қызметші – Никита Удалов пен Бекет Қуандық 26 қыркүйекте ауруханаға түсті.

Аман қалған үш әскери қызметші Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының терапия бөлімшесінде жатқаны хабарланды.

Ведомство мәлімдегендей, әскерилердің жағдайы тұрақты. Олар өз бетімен жүріп-тұра алады, есін біледі. Науқастардан ешқандай шағым жоқ.

Әскери қызметшілер дәрігерлердің динамикалық бақылауында.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен нашарлауы мен қатты желдің салдарынан Каспий теңізінде 17 әскери қызметші батып кетіп , олардың 14-і қаза тапқан болатын.

Үшеуі аман қалды, біреуі ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін өңірлік денсаулық сақтау басқармасы науқастың Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілгенін хабарлаған еді. Әскери қызметшінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған болатын.

Аман қалғандардың қатарында Атырау облысынан 19 жастағы Бекет Қуандық пен Батыс Қазақстан облысынан Никита Удалов бар.

Кеше Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтыс болғаннан кейін марапатталғаны белгілі болды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар