Астанада күн суытады.
Синоптиктер 29 қыркүйекте Астанада қатты жел соғып, үсік жүруі мүмкін екенін болжады. Бұл туралы елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы құлағдар етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап, күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады.
"Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді деп болжанады. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады", – делінген хабарламада.


