Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Желіде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны туралы ақпарат жалған

Желіде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны туралы ақпарат жалған
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Дереккөзге сүйенсек, бұл жалған ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде таралған көрінеді.

«Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі мен Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпаратты растаған жоқ», - деп хабарлайды Орталық.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желідегі жалған ақпараттың арты қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар