Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жастар осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті": Гүлзира Айдарбекова коуч Роза Әшірбаеваға шүйлікті

"Жастар осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті": Гүлзира Айдарбекова коуч Роза Әшірбаеваға шүйлікті
Сурет: alash.kz
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова танымал блогер Роза Әшірбаеваға шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат  агенттігі.

Продюсер коучтың енесінен рұқсат сұрайтын келіндерге қатысты айтқан пікіріне ұнатпай қалған.

«Сұранса бір жері кеміп қалады да, сұранбай кетсе қарағайдай маңдайына мүйіз шығады ма екен? Жастар онсыз да үміт артып, өсіріп отырған өз ата-анасын емес, осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті, үлкенді құрметтеу жоғалып, бұлай азғыруға болмайды, осындай ақылды өз ұрпақтарына үгіттеп бере бергені дұрыс ау. Осыдан кейін отбасыларында қалай ауызбіршілік болсын», – дейді әншінің анасы.

Ол өзінің де ене екенін, алайда келіндедерімен әруақытта ақылдасып отыратынын жеткізді.

«Менде енемін, келін маған айтпақ тұрмақ, менің өзім айтпай, ескертпей кетпеймін. Біз бір отбасы емеспіз бе?! Кейде келіндеріммен ақылдасамын, не киейін, не алып барсам болады деп. Олар дереу сыйлыққа тапсырыс беріп, көмегі жаныма шуақ шашады. Содан кейін керемет көңіл-күймен, осыларды бере салған Құдайға рақмет деп, шүкіршілігімді айтып, мәз болып үйден шығамын», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер қыз-келіншектерге біреудің пікірімен емес, өз ақылдарымен өмір сүруіне кеңес берді.

«Ал күйеуіңнен сұрансаң не болыпты? Бір жағдай болып қалса, жүгіретін де сол отбасың, күйеуің емес пе. Әрине Роза емес. Мен Розамен сыйласамын, бірақ мына сөзі денемді тітіркентті. Құрметті аналар, келіндер, біреудің емес, өз ақылдарыңызбен, білсеңіз өз анаңызбен... Жақсы болыңыз, жаман болыңыз өсектен ажырамай отырған өз енеңіз, ол да сіздің анаңыз, сіз оның өмірін жалғастырып сол әулеттің ұрпағымен сусындап отырсыз, сіздің нағыз жанашырыңыз осы кісілер ғана. Ерегісті тоқтатып, менмендікті, өзімшілдікті тоқтатып, тек жақсы ойлармен, ол кісілерге деген мейіріммен өмір сүріп көріңізші. Жолыңыз ашық, өміріңіз керемет, табысыңыз берекесімен болады», – дейді Қайрат Нұртастың анасы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар