Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерболат Жанәбілов әйелі Төлегеновамен болған жанжалдан кейін ұсталды

Ерболат Жанәбілов әйелі Төлегеновамен болған жанжалдан кейін ұсталды
Сурет: ашық дереккөздерден
Блогер Ерболат Жанәбілов жұбайы Эльмира Төлегеновамен болған тұрмыстық жанжалдан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Threads платформасында Эльмира Төлегенованың жолдасымен болған жанжалға қатысты видеоүндеуі анықталған.

Эльмира Төлегенова полицияға арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, Жанәбіловқа отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырылып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ блогер уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.

Қазір іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция бұған дейін, 28 тамызда, Жанәбілов пробациялық бақылау талаптарын бұзғанын да хабарлады. Атап айтқанда, ол сағат 22:00-ден кейін көрсетілген мекенжайында болмаған. Бұл факт бойынша материалдар да сотқа жіберілген.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар