Шымкентте күйеуін өлтірген әйел қамауға алынды.
Жаға ұстатарлық жағдай кеше болған. Әшейінде тату-тәтті тұратын ерлі-зайыптылардың мұндайға барғанына көршілері сене алар емес.
Жас отбасы жалдамалы жер үйде тұрған. Екі қызын балабақшаға жіберген соң, екеуінің арасында жанжал болған. Көршілерінің пікірінше, келіншек ашу үстінде қылмысқа барған. Кикілжіңде 27 жастағы әйел ерінің жүрегіне пышақ сұғыпты. Ауыр жарақат алған азамат ауруханаға жеткенше көз жұмды. Ал жарының қолына кісен салынды.
"Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша әйел ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Шымкент қаласы ПД баспасөз хатшысы Бағлан Мырзабаев..



