Депутат ауылдық жерде 85 мың айлықпен-ақ күн көруге болатынын мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:30
- 59
Tizgin.kz мәліметінше, БАҚ өкілі қымбатшылық жағдайында 85 мың теңгенің ауыл тұрғындарына да жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтып, осы тұрғыда депутаттан пікір сұраған. Ал депутат ауыл тұрғындарына осы жалақы да жететінін айтқан.
“Ауылдағы адамдар еңбекқор халық қой. Мәселен, сіз қалада тұрасыз, сіздің бақшаңыз жоқ. Ал ауылдағы адамдар мал ұстайды. Тамақ өзінен, сүт, көкөніс өзінікі. Сондықтан 85 мың теңге ауылда тұрып жатқан адамдарға жетеді. Еңбек еткен адамға 85 мың жетіп қалар”, – деді депутат Мейірхат Қасымбаев.
Ол қазіргі ауыл мен бұрынғы ауылды салыстырсақ, тұрмыс біршама өзгергенін тілге тиек етті.
“Біз де ауылдан шыққанбыз. Ауылда бұрынғыдай емес. Бұрын қаладан келгендер ауылдың май-сүті мен нанына жүгіретін. Ал қазір ауылға барсаң, нанды да, сүт пен майды да сатып жеп отыр. Сол себепті ол дұрыс емес деп ойлаймын. Ауыл не үшін керек? Өйткені ауыл бәрін таза жерден жұмыс істеп табу үшін ғой”, – деп сөзін қорытындылады депутат.



