Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда жаңа полиция басқармасы құрылады

Қазақстанда жаңа полиция басқармасы құрылады
Сурет: Polisia.kz
Елімізде 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап LRT нысандарында жұмыс істейтін көліктегі полицияның жеке басқармасы құрылады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрамында LRT нысандарындағы көліктегі полиция басқармасы атты жаңа мемлекеттік мекеме пайда болады.

Жаңа мемлекеттік мекеме Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрылымына кіреді.

"Мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады", - делінген құжатта.

Қаулының жарияланған бөлігінде жаңа басқарманың штат саны мен нақты қандай нысандарға жауап беретіні туралы мәліметтер көрсетілмеген. Құжаттың бір тармағы қызметтік пайдалануға арналған.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар