Қазақстан AI-кино саласындағы амбициясын көрсетті: ресейлік мәдени арнаның пікірі
- автор kyn.kz
- Бүгін, 14:04
- 49
Кино, мәдениет және қоғамдық мәселелерге арналған «Поклонники Михалкова» тақырыптық арнасы Қазақстанның жасанды интеллект пен кинематография тоғысындағы бағытты дамыту туралы шешіміне оң баға берді.
«Қазақтар сәтті дөп басуды біледі екен», – делінген арна жарияланымында. Авторлар көптеген елде жасанды интеллектінің кинодағы болашағы әлі де талқыланып жатқан кезде, Қазақстан осы саладағы жобалар үшін халықаралық алаң қалыптастырып жатқанын атап өтті.
Авторлар фестивальдің ауқымына да ерекше назар аударған. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 067 фильм ұсынылып, оның 25-і финалдық бағдарламаға енді. Жалпы жүлде қоры 2 миллион долларды құрады. 450 мың доллар көлеміндегі бас жүлдені The First Honest Day картинасы үшін латвиялық режиссер Николай Шестак иеленді.
Жарияланымда фестиваль Қазақстандағы технологиялық трансформацияның кең ауқымды үдерісімен де байланыстырылады. Соңғы жылдары жасанды интеллект Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың біріне айналды. Мемлекет басшысы 2025 жылғы Жолдауында үш жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойған болатын. Ал 2026 жыл ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.
Президент сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу жекелеген технологиялық жобалар шеңберінен шығып, ел дамуының негізгі элементтерінің біріне айналуы керектігін бірнеше рет атап өтті.
Арна авторларының пікірінше, Қазақстан AI-кино саласындағы негізгі үрдістерді әлемнің ірі технологиялық және кинематографиялық орталықтары толық қалыптастырып болғанын күтпей, жаңа индустрияның қалыптасу кезеңінен бастап оған белсенді араласуға ұмтылып отыр.
Еске салайық, кеше Астанада жасанды интеллектіні пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестиваль – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) өз мәресіне жетті.




