Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада автобуста жол жүру ақысы қымбаттайды

Астанада автобуста жол жүру ақысы қымбаттайды
Сурет: mazbus.ru
1 желтоқсаннан бастап Астанада қоғамдық көлікте жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу құны 150 теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жол ақысының көтерілуіне тасымалдаушылар шығынының артуы себеп болып отыр.

«Дизель отынының бағасы литріне 107 теңгеден 329 теңгеге дейін өсті, яғни үш еседен астам қымбаттады. Жүргізушілердің жалақысы 100-150 мың теңгеден 700 мың теңгеге және одан жоғары деңгейге жетті. Сонымен қатар қосалқы бөлшектерге, дөңгелектерге, аккумуляторларға, жөндеу жұмыстарына және жаңа автобустар сатып алуға жұмсалатын шығын да айтарлықтай артты», – дейді әкімдіктегілер.

Қаланың кей тұрғындары үшін жеңілдіктер сақталады. Соғыс ардагерлері, зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың ата-анасының бірі, саяси қуғын-сүргін құрбандары, сондай-ақ Астанада білім алатын 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын сақтайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар