Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада автосалон басшысы сатып алушылардан 128 млн теңге жинап алып, көліктерін бермей қойған

Астанада автосалон басшысы сатып алушылардан 128 млн теңге жинап алып, көліктерін бермей қойған
Сурет: banki.ru
Астанада автосалон басшысы бір жыл бойы клиенттерінен 128 млн теңге жинап алып, көліктерін бермей қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Автосалон басшысы Қытайдан автокөліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан. Клиенттерінен алған ақшаны болса жұмсап тастаған.

«Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттар ұсынған. Оның заңсыз әрекетінен 6 адам зардап шегіп, 128 млн теңгеден аса шығын келтірген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар