Басты жаңалықтар
Вице-министр Денис Теннің неліктен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілмегенін түсіндірді
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2018
- 343
19 шілде күні белгісіз біреулер спортшыны пышақтап кетті.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева марқұм Денис Теннің неліктен оқиға орнына жақын ауруханаға жеткізілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Халықты дүр сілкіндірген оқиғадан кейін Ләззат Ақтаева әрбір ауруханада жедел жәрдем қызметін дамытуды ұсынды.
«Болған қайғылы жағдайға байланысты неге Денис Тенді жақын жердегі ауруханаға апармады деген сұрақ туындап отыр. Себебі, оқиға орнына жақын маңдағы ауруханалар шұғыл ауруларды қабылдауға дайын емес. Осыны ескеріп әрбір клиникада жедел жәрдемді дамытуымыз қажет.
Қаланың картасына қарай жедел жәрдемнің жету уақытын азайтып, клиникалардың шұғыл ауруларды қабылдауға дайындығын қамтамасыз етуіміз қажет», - деді вице-министр.
Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған.
Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр.
Автор: Kyn.kz