Басты жаңалықтар
Тимур Бекмамбетов Денис Тен ұсынған идеямен фильм түсірмек
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2018
- 277
«Тен небәрі 25 жасында көптеген жетістікке жетті».
Режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің көзі тірісінде ойластырған жобасын жүзеге асырмақ. Бұл туралы режиссер ТАСС басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
19 шілде күні көз жұмған Денис Тен 13 маусым күні Мәскеуде халықаралық Screenlife Project питчингінде болашақ киножобасын таныстырған еді. Аталған байқауды Bazelevs компаниясы және Бекмамбетов ұйымдастырды. Фигурист Screenlife форматында (оқиға компьютер экранында жүзеге асады) түсірілген фильммен кинода дебют жасамақ болған. Оның картинасы керең қыз бен мақау жігіттің хикаясына арналған.
Осы жобаға қатысып жатқаны туралы алғаш Денис Теннің өзі әлеуметті желі арқылы айтқан еді.
«Bazelevs Production кампаниясындағы питчинг сессиясы. Өмірде мен бәрінен бұрын идеяларды жақсы көремін. Кейде олар таңғажайып таныстықтар мен нәтижелерге алып келеді. Мысалы, жуырда Тимур Бекмамбетовпен таныстым. Screenlife Contest-ке әлемнің түкпір-түкпірінен 250 адам қатысты. Кеше мен 18 жартылай финалистің құрамына ендім. Қалайша бұлай болғанын өзім де білмей отырмын. Жуырда ғана ойға келген идея ерекше өмірлік тәжірибеге жолдама іспетті лоторея билетіне айналды», - деді Денис Тен. Көптеген желі қолданушылары 19 шілде күні халықты дүр сілкіндірген хабардан кейін Бекмамбетовтен Денис Теннің идеясына жан бітіруді өтінді. Режиссер өз кезегінде бұл өтінішті қуана қабылдайтынын жеткізді. «Бұл үлкен қайғы, жақындарына көңіл айтамын. Біз міндетті түрде оның идеясын жүзеге асыруға тырысамыз. Жан-жақты талантты тұлғаға арнау фильм түсіреміз. Тен небәрі 25 жасында көптеген жетістікке жетті. Ал алда тамаша жоспарлары бар еді және оларды міндетті түрде жүзеге асыратын еді. Себебі, ол істің адамы болатын», - деді Бекмамбетов. Автор: Kyn.kz