Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Сурет: egemen.kz
Саят Исанов Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Қазақстанда Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Президенттің жарлығымен 2022 жылғы қаңтарда құрылды.

Арнайы операциялар күштері елдің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында арнайы тапсырмаларды орындауға арналған.

Айта кетсек, 2024 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қазанға дейін Қазақстанның Арнайы операциялар күштерін Айдос Мырзахметов басқарды. 27 қыркүйекте ол қорғаныс министрі болып тағайындалды. Айдос Мырзахметов бұл қызметте Мемлекет басшысы лауазымынан босатқан Дәурен Қосановтың орнына келді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар