Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Каспий теңізінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қанша қаражат берілетіні жария етілмейді

Каспий теңізінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қанша қаражат берілетіні жария етілмейді
Сурет: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi
Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қанша қаражат төленетіні, сондай-ақ, көмек алушылардың жеке деректері жарияланбайды.

Мұндай шешім әскерилердің туған-туыстарының өтініші бойынша және олардың жеке мәліметтерінің құпия болуын сақтау мақсатында қабылданған. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әскери қызметшілердің жақындарының өтінішін ескере отырып, сондай-ақ, олардың қауіпсіздігі мен жеке мәліметтерінің құпиялығын сақтау үшін төленетін қаражаттың нақты мөлшері мен оны алушылардың деректері жарияланбайды. Қаза тапқан және зардап шеккен әскерилердің туған-туыстары қабылдаған бұл шешімге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Комиссия өз жұмысын аяқтады. Жиналған қаражат белгіленген тәртіппен бөлініп, қабылданған шешімдер тиіс құжаттармен рәсімделді. Сенім білдіріп, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын", – деді Бекмұрат Жүсіпов өз үндеуінде.

Қоғамдық кеңес төрағасының айтуынша, қорға түскен қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына әділ әрі теңдей бөлінген.

"Комиссия қаражаттың қор есепшотына түскен сәтінен бастап оны алушыларға аударылғанға дейінгі барлық кезеңді қатаң бақылауда ұстады", – деп атап өтті ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар